Біріктірілген жылдық есеп • 2021

Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі Компанияның басқару органы болып табылады, ол өз қызметінің стратегиялық бағыттарын айқындайды, даму стратегиясын, бюджетті бекітеді, атқарушы органды сайлайды және өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Директорлар кеңесінің қызметі Жарғымен, Корпоративтік басқару кодексімен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және Акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған басқа да құжаттармен реттеледі.

Директорлар кеңесі мүшелерінің рөлі

Төраға Директорлар кеңесін басқарады, Директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады және тиімді қызметін қамтамасыз етеді, оның отырыстарын жүргізеді, сондай-ақ Жарғыда және Директорлар кеңесі туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Директорлар кеңесінің мүшелері — акционерлердің өкілдері –Директорлар кеңесі өз қызметін жүзеге асырған кезде ірі акционерлердің мүдделерін білдіреді.

Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары барлық комитеттердің құрамына кіреді, барлық мәселелерді қарайды және Директорлар кеңесі үшін ұсынымдар қабылдайды. Тек қана тәуелсіз директорлар кіретін аудит жөніндегі комитеттің құрамында олар қаржылық есептілік, ішкі және сыртқы аудит, тәуекелдер және қызметтің басқа да маңызды салалары мәселелері бойынша шешімдерді қарайды және қабылдайды. Бұдан басқа, тәуелсіз директорларға, сондай-ақ жасалуына мүдделілік бар мәмілелерді олардың тәуелсіздігіне орай жасасу туралы шешімдер қабылдау да жүктелген.

Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау

Директорлар кеңесінің мүшелерін Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы сайлайды және ҚР заңнамасында, акционерлік қоғамның Жарғысында және «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеде белгіленген тәртіппен акционерлік қоғамның Директорлар кеңесінің бұрын сайланған мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда кезектен тыс жалпы жиналыс қайта сайлайды.

Директорлар кеңесінде бір орынға бір кандидат дауысқа түсетін жағдайларды қоспағанда, акционерлер Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлауды дауыс беруге арналған бюллетеньдерді пайдалана отырып, кумулятивтік дауыс беру арқылы жүзеге асырады.

Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына сайлау үшін кандидатуралар:

  1. Акционерлер — жеке тұлғалар;
  2. Директорлар кеңесіне акционерлердің өкілдері ретінде сайлауға ұсынылған (ұсынылған) тұлғалар;
  3. Компанияның акционері болып табылмайтын және Директорлар кеңесіне акционердің өкілі ретінде сайлауға ұсынылмаған (ұсыным берілмеген) жеке тұлғалар қатарынан ұсынылуы мүмкін.

Директорлар кеңесінің кандидаттары мен мүшелерінің өз міндеттерін орындау және акционерлер мен Компанияның мүдделерінде бүкіл Директорлар кеңесінің тиімді жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті тиісті жұмыс тәжірибесі, білімі, біліктілігі, оң жетістіктері және іскерлік және/немесе салалық ортадағы мінсіз беделі болуға тиіс.

Директорлар кеңесінің құрамы

Директорлар кеңесі 9 адамнан тұрады, олардың 4-еуі тәуелсіз болып табылады. Директорлар кеңесінің ағымдағы құрамы акционерлердің жылдық жиналысында 2021 жылғы 30 сәуірде сайланды.

Директорлар кеңесі мүшелерінің негізгі құзыреттері:

  • Байдәулетов Нұржан Тәліпұлы — Директорлар кеңесіне басшылық ету, Телекоммуникациялар, стратегия, ірі акционердің шешімдерін іске асыру;
  • Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы — телекоммуникациялар, стратегия, бизнес-жоспарлау;
  • Әлімов Абай Сәбитұлы — заң мәселелері, стратегия;
  • Құсайынов Ерұлан Айташұлы — стратегия, кадрлық және қаржылық мәселелер;
  • Саудабаев Серік Болатұлы — стратегия, заң мәселелері, телекоммуникациялар, ірі акционердің шешімдерін іске асыру;
  • Тәуелсіз директорлар: Буянов Алексей Николаевич, Заика Дмитрий Александрович, Найзабеков Тимур Құрманғазыұлы, Александр фон Гляйх қаржы, маркетинг, телекоммуникация, стратегиялық менеджмент, кадр және басқа салалардағы мамандар болып табылады. Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің қызметі шеңберінде олар өкілеттіктердің кең ауқымын орындайды.

Байдәулетов
Нұржан Тәліпұлы

Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ акционерінің өкілі (5 570 668 жай (дауыс беретін) акция)

Туған күні

1960 жылғы 1 қыркүйек

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 08.05.2012
Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайланған күні: 30.04.2021
Акцияларға иелік етуі: иелік етпейді

Білімі
  • 09.1977–06.1986: Мәскеу теміржол көлігі институты, мамандығы: «Теміржол көлігіндегі тасымалдау процестерін басқару»;
  • 2017–2019: Ұлыбритания Директорлар институтының IOD директорларын сертификаттаудың халықаралық бағдарламасы.
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 27.11.2008–01.06.2014: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ — Басқарушы директор;
  • 02.06.2014–17.04.2016: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ — Активтерді басқару жөніндегі басшы директор;
  • 17.04.2016 — қазіргі уақытта: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ — «Самұрық-Қазына» АҚ-ны «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (2018 ж. 4.12 бастап), Qazak Air АҚ (2019 ж. 1.04. дейін), «Эйр Астана» АҚ (2019 ж. 31.05 бастап) Директорлар кеңесіндегі өкілі.

Саудабаев
Серік Болатұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ акционерінің өкілі (5 570 668 жай (дауыс беретін) акция)

Туған күні

1977 жылғы 8 желтоқсан

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 12.07.2010
Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайланған күні: 30.04.2021
Акцияларға иелік етуі: иелік етпейд

Білімі
  • 1995–1999: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, мамандығы: «Құқықтану»;
  • 2004–2006: Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, мамандығы: «Экономика».
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 17.06.2010–10.05.2014: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ — Коммуникациялық активтерді басқару жөніндегі директор;
  • 11.05.2014–10.07.2016: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ — Басшы директордың активтерді басқару жөніндегі орынбасары;
  • 11.07.2016–01.05.2018: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ — Коммуникациялар дирекциясының директоры;
  • 02.05.2018–12.04.2021: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ — Активтерді басқару дирекциясы «Коммуникациялар» секторының басшысы;
  • 12.04.2021–08.2021: ­«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ — «Коммуникация» дирекциясының директоры, ­«Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (13.08.2010–01.04.2014, 26.10.2016 бастап қазіргі уақытқа дейін), QazCloud ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі (07.11.2019 бастап), «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (26.02.2021 бастап);
  • 09.2021 — қазіргі уақытта: «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы.

Есекеев
Қуанышбек Бақытбекұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі — «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы

Туған күні

1975 жылғы 10 маусым

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 16.12.2006
Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайланған күні: 30.04.2021
Акцияларға иелік етуі: иелік етпейді

Білімі
  • 1991–1995: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, мамандығы: «Қолданбалы математика», математика ғылымдарының кандидаты;
  • 2001–2002: Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, мамандығы: «Менеджмент»;
  • 2015–2017: Hult Business School, London, GB, мамандығы: «Қаржы» дәрежесі Executive MBA.
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 23.02.2007–15.03.2010: ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі — Төраға;
  • 15.03.2010 — қазіргі уақытта: «Қазақтелеком» АҚ — Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі, «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, QazCloud ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі, «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС Байқаушы кеңесінің төрағасы.

Әлімов
Абай Сәбитұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер — Skyline Investment Company компаниясының өкілі

Туған күні

1975 жылғы 29 қазан

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 19.11.2018
Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайланған күні: 30.04.2021
Акцияларға иелік етуі: иелік етпейді

Білімі
  • 1993–1997: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, мамандығы: «Құқықтану»;
  • 1998–2000: Т. Рысқұлов атындағы Қазақ ұлттық басқару академиясы, мамандығы: «Қаржы және кредит».
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 03.2010–12.2015: PetroKazakhstan мұнай холдингі — Құқықтық мәселелер жөніндегі директор;
  • 08.2016–12.2017: «КИПРОС» ЖШС — Басқарушы ­директор;
  • 01.2018 — қазіргі уақытта: Parasat Advising Group ЖШС — Басқарушы директор;
  • 05.2018 — қазіргі уақытта: Skyline Investment Company — Өкіл.

Құсайынов
Ерұлан Айташұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер — Skyline Investment Company компаниясының өкілі

Туған күні

1976 жылғы 28 қаңтар

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 30.05.2018
Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайланған күні: 30.04.2021
Акцияларға иелік етуі: иелік етпейді

Білімі
  • 1993–1996: Қазақ мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды банк колледжі, мамандығы: «Банк ісі»;
  • 2001–2005: Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, мамандығы: «Қаржы және кредит»;
  • 2012–2013: Я. Коменский атындағы университет. (Прага, Чехия). Іскерлік әкімшілендіру магистрі.
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 08.2006–12.2013: «Темiрбанк» АҚ — Басқарма төрағасының кеңесшісі, Басқарушы директор, Басқарма мүшесі, филиал директоры, Басқарушы директор — Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының Орынбасары — Басқарма мүшесі;
  • 07.2014–10.2014: «Самұрық-Қазына Инвест» — Бас директордың орынбасары;
  • 04.2016–07.2017: «Қазкоммерцбанк» АҚ — Атқарушы директор, Басқарма мүшесі, Басқарушы директор;
  • 12.2014 — қазіргі уақытта: «Damina» білім беру орталығы» ЖШС — Бас директор; Khan Tengri Holding B.V. Директорлар кеңесінің мүшесі (02.08.2019 бастап), «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі (09.08.2019 бастап), «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі.

Буянов
Алексей Николаевич

Тәуелсіз директор

Туған күні

1969 жылғы 15 тамыз

Азаматтығы

Ресей Федерациясы

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 30.06.2015
Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайланған күні: 30.04.2021
Акцияларға иелік етуі: иелік етпейді
Тәуелсіздік өлшемшарттары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келеді

Білімі
  • 1986–1992: Мәскеу физика-техникалық институты (МФТИ), мамандығы: «Қолданбалы математика және физика», біліктілігі: инженер-физик.
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 2014–2016: Redline Capital Management — басқарушы директоры, «Мәскеу биржасы» ААҚ Биржалық кеңесінің мүшесі;
  • 01.2016 — қазіргі уақытта: Bengala Investments SA инвестициялық компаниясы — Директор; «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (25.01.2019 ж. бастап).

Александр
фон Гляйх

Тәуелсіз директор

Туған күні

1967 жылғы 6 маусым

Азаматтығы

Германия

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 30.04.2021
Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайланған күні: 30.04.2021
Акцияларға иелік етуі: иелік етпейді
Тәуелсіздік өлшемшарттары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келеді

Білімі
  • 1985–1987: Дрезднер Банк Гамбург, неміс дуалды білім беру жүйесі бойынша банкир;
  • 1987–1994: Бонн университеті, Германия, экономика және құқық факультеті, экономика магистрі.
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 08.2014–07.2017: Allianz страхование қаржы директоры (Ресей);
  • 03.2018  — қазіргі уақытта: Глобал Девелопмент Директорлар кеңесінің мүшесі, Нұр-Сұлтан, Қазақстан;
  • 06.2020 — қазіргі уақытта: Узпромстройбанк Директорлар кеңесінің мүшесі, Ташкент, Өзбекстан.

Заика
Дмитрий Александрович

Тәуелсіз директор

Туған күні

1975 жылғы 27 сәуір

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 30.06.2015
Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайланған күні: 30.04.2021
Акцияларға иелік етуі: иелік етпейді
Тәуелсіздік өлшемшарттары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келеді

Білімі
  • 1992–1998: Алматы энергетика және байланыс институты, мамандануы: «Радиотехника», біліктілігі: радиоинженер;
  • 2003–2005: Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті, мамандануы: «Қаржы менеджменті», біліктілігі: экономист (үздік диплом).
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 29.08.2011 — қазіргі уақытта: «Химфарм» АҚ — Тәуелсіз директор;
  • 20.04.2012–15.08.2016: «АЛТЕЛ» АҚ — Тәуелсіз директор.

Найзабеков
Тимур Курмангазиевич

Тәуелсіз директор

Туған күні

1983 жылғы 21 сәуір

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 30.05.2018
Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайланған күні: 30.04.2021
Акцияларға иелік етуі: иелік етпейді
Тәуелсіздік өлшемшарттары: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келеді

Білімі
  • 2000–2004: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бизнестегі математика және ақпараттық жүйелер бакалавры (үздік диплом);
  • 2005–2007: Халықаралық бизнес университеті, қаржы магистрі (үздік диплом);
  • 2014–2015: Лондон Университеттік Колледжі (UCL) (үздік диплом).
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 10.2012–07.2014: Ұлттық инвестициялық корпорация — Басқарушы директор, Басқарма мүшесі/ Басқарма төрағасының кеңесшісі;
  • 09.2014–09.2015: Union Bancaire Privee (Ұлыбритания) — қаржы талдаушысы/Еуропалық акциялар нарығы;
  • 09.2015–04.2016: Сommercial RE ЖШС — Қаржы директоры, Бас директор;
  • 05.2016–06.2016: BP Service ЖШС — Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • 04.2016–08.2017: «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ — Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Кадрлық сыйақы комитетінің, Стратегиялық даму комитетінің төрағасы;
  • 08.2016–12.2016: «БТА Секьюритис» АҚ («Fincraft» инвес­тициялық үйі болып қайта алды) АҚ — Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • 04.2016–09.2017: Estate Management Company АҚ — Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі, Ішкі аудит жөніндегі комитеттің, Стратегиялық жоспарлау, кадр және сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі;
  • 10.2017–02.2018: Facility Management Group — Бас директордың кеңесшісі;
  • 03.2020 — қазіргі уақытта: «Орталық-Азия энергетикалық корпорациясы» АҚ — Директорлар кеңесінің мүшесі.

Директорлар кеңесінің бағалауы

Компанияда Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің, Директорлар кеңесі мүшелерінің және Корпоративтік хатшының қызметін бағалау қағидалары қолданылады. Осы құжатқа сәйкес Директорлар кеңесін бағалау жылына бір рет ДК өз күшімен және кемінде үш жылда бір рет тәуелсіз консультанттарды тарта отырып жүргізіледі.

2021 жылы Директорлар кеңесі мүшелерінің қызметін бағалауды «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мықты құрамын атап өткен PricewaterhouseCoopers консультанттары жүзеге асырды.

PricewaterhouseCoopers бағалауы бойынша «Директорлар кеңесі мен атқарушы органның тиімділігі» көрсеткіші бойынша рейтинг 2018 жылғы ВВ деңгейінен 2021 жылы ВВВ деңгейіне дейін өсті.

Директорлар кеңесінің тәуелсіздігі

«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның талаптарына сәйкес Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің саны кемінде 30% болуы тиіс. Компаниядағы бұл пропорция 44%-ды құрайды.

Тәуелсіз директор-Директорлар кеңесінің мүшесі, ол:

  • осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмайды және Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда);
  • осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайды;
  • осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының лауазымды тұлғаларына бағыныстылықпен байланысты емес және ол Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғалармен бағыныстылықпен байланысты емес;
  • мемлекеттік қызметші болып табылмайды;
  • осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционердің өкілі болып табылмайды және ол Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде болған жоқ;
  • осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспайды және өзі Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспады.

Компанияның тәуелсіз директорлары 2021 жылы тәуелсіздік өлшемшарттарына толық сәйкес келді.

Мүдделер қақтығысын басқару

«Қазақтелеком» АҚ-да мүдделер қақтығысын реттеу саясаты жұмыс істейді. Саясат мүдделер қақтығысының алдын алу, анықтау және реттеу тәртібін; мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы ықтимал жағдайда Компания органдарының және/немесе тұлғаларының өзара іс-қимылы және үйлестіру рәсімдерін айқындайды.

2021 жылы Директорлар кеңесінің жұмысында мүдделер қақтығысы тіркелмеген.

Директорлар кеңесі мүшелерінің кәсіби құзыретін арттыру

Компанияда Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және сыртқы сарапшыларды тарту саясаты жұмыс істейді. Бұл саясат Директорлар кеңесі мүшелерінің дағдыларын дамыту және біліктілігін арттыру жүйесін енгізу және егер Директорлар кеңесі қарайтын мәселелер сыртқы кәсіби және тәуелсіз сараптаманы талап ететін болса, олардың сыртқы сарапшыларды тарту құқықтарын іске асыру жолымен Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында корпоративтік басқарудың үздік практикасын ескере отырып әзірленді.

2021 жылы пандемия себебінен Директорлар кеңесінің мүшелерін оқыту жүргізілген жоқ.

Директорлар кеңесінің қызметі

2021 жылы коронавирус пандемиясына байланысты Директорлар кеңесінің отырыстары бейнеконференцияларды өткізудің қолданыстағы платформаларын пайдалана отырып, онлайн-форматта өткізілді.

Бір жыл ішінде Директорлар кеңесінің 15 отырысы өткізілді (11 күндізгі және 4 сырттай), онда 125 мәселе қаралды.

2021 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның 2022-2026 жылдарға арналған Бизнес-жоспарын, топтың инвестициялық қызметінің параметрлерін бекіту, қызметтің ұзақ мерзімді түйінді көрсеткіштерінің карталарын және оларды есептеу әдістемелерін бекіту, еншілес компаниялардың жұмыс істеу мәселелерін шешу түйінді шешімдер болды. Сондай-ақ тұрақты негізде Басқарманың даму жоспарын орындау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау, стратегиялық жобаларды іске асыру, тәуекелдер, Стратегияны орындау, ұялы операторлардың қызметі мәселелері бойынша есептерін тыңдау жүзеге асырылды.

Директорлар кеңесінің комитеттері

Директорлар кеңесінің жанында төрт комитет жұмыс істеді: аудит, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер бойынша, стратегиялық жоспарлау бойынша және мобильді сегмент бойынша Интеграциялық комитет.

Аудит жөніндегі комитет

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті Директорлар кеңесінің шешімімен 2006 жылы құрылған және «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің консультациялық-кеңесші органы болып табылады, өз қызметін аудит жөніндегі комитет туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2021 жылғы аудит жөніндегі комитеттің құрамы

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің қазіргі құрамын Директорлар кеңесі 2021 жылғы 4 мамырда бекітті.

Комитет төрағасы:

  • Найзабеков Тимур Құманғазыұлы — тәуелсіз директор;

Комитет мүшелері*:

  • Буянов Алексей Николаевич — тәуелсіз директор;
  • Александр фон Гляйх — тәуелсіз директор (ДК-да 30.04.2021 сайланды);
  • Заика Дмитрий Александрович — тәуелсіз директор.
*2021 жылғы 30 сәуірге дейінгі АК құрамына тәуелсіз директор Гарретт Мартин Джонстон кіреді.

«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес аудит жөніндегі Комитет толығымен тәуелсіз директорлардан тұрады, олар «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көзделген директорлардың тәуелсіздігін тану өлшемдеріне сәйкес келеді.

Аудит жөніндегі комитет туралы ережеге сәйкес Комитет төрағасы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат беру үшін отырыстарға шақырылды:

  • Директорлар кеңесінің мүшелері;
  • ішкі аудит қызметінің басшысы;
  • «Эрнст энд Янг» ЖШС сыртқы аудиторының өкілдері;
  • Компания қызметкерлері (топ-менеджмент, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, мамандар) және еншілес ұйымдардың қызметкерлері.

2021 жылғы қызмет

Аудит жөніндегі комитет тоқсанына кемінде бір рет тұрақты бетпе-бет отырыстар және қажеттілігіне қарай кезектен тыс отырыстар өткізеді.

2021 жылы 10 бетпе-бет отырыс өткізілді, онда 27 мәселе қаралды және Компанияның Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берілді, оның ішінде ішкі аудит қызметінің, комплаенс қызметінің жұмысы, ішкі бақылау және тәуекелдер, қаржылық есептілік, сыртқы аудит және басқа да маңызды мәселелер. Комитет 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істеді.

2021 жылы Аудит жөніндегі комитеттің отырыстарына қатысу
Директорлар кеңесінің мүшелері
Қатысу пайызы
Найзабеков Т. Қ.
100%
Гарретт Мартин Джонстон/Александр фон Гляй
100%
Буянов А. Н.
100%
Заика Д. А.
100%

Кадр, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет

Директорлар кеңесінің Кадр, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2015 жылы құрылды.

Комитет өз қызметінде Директорлар кеңесіне толық есеп береді және өз қызметін «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Кадр, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Кадр, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің құрамы 2021 жылғы 4 мамырда белгіленді*

Комитет төрағасы:

  • Буянов Алексей Николаевич — тәуелсіз директор.

Комитет мүшелері*:

  • Құсайынов Ерұлан Айташұлы — Директорлар кеңесінің мүшесі
  • Саудабаев Серік Болатұлы — Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • Заика Дмитрий Александрович — тәуелсіз директор;
  • Александр фон Гляйх — тәуелсіз директор;
  • Найзабеков Тимур Құрманғазыұлы — тәуелсіз директор.
*2021 жылғы 30 сәуірге дейін КСӘМК құрамына тәуелсіз директор Гарретт Мартин Джонстон кірді. 2021 жылғы 16 наурыз — 30 сәуір аралығындағы кезеңде КСӘМК құрамына 2021 жылғы 22 ақпандағы ДК шешімімен ДК құрамына сайланған Керейбаев Дәурен Жұмағалиұлы кірді.

Кадр, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет туралы ережеге сәйкес Комитет төрағасы отырыстарға баяндамашылар, байқаушылар ретінде, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат беру үшін шақырылды:

  • Директорлар кеңесінің мүшелері;
  • Компания қызметкерлері (топ-менеджмент, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, мамандар);
  • басшы қызметкерлер лауазымдарының тізбесіне сәйкес басшы лауазымдарға кандидаттар.

2021 жылғы қызмет

Кадр, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет 2021 жылы 12 бетпе-бет отырыс өткізді, онда 55 мәселе қаралды және олар бойынша Компанияның Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берілді. Атап айтқанда, бұл әлеуметтік сипаттағы мәселелер (филиал қызметкерлерінің жалақысын көтеру), орталық аппарат құрылымының өзгеруі, қызметкерлерді Компания Басқармасының құрамына сайлау, еншілес ұйымдардың бірінші басшыларын қызметке тағайындау, басшы қызметкерлерге ҚНК бекіту, еңбекақы төлеу, персоналды басқару және басқа да мәселелер.

2021 жылы Кадр, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің отырыстарына қатысу
Директорлар кеңесінің мүшелері
Қатысу пайызы
Буянов А. Н.
100%
Заика Д. А.
100%
Саудабаев С. Б. / Керейбаев Д. Ж.
100%
Гарретт М. Джонстон / Александр фон Гляйх
100%
Құсайынов Е. А.
100%
Найзабеков Т. Қ.
100%

Стратегиялық жоспарлау комитеті

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті Директорлар кеңесінің шешімімен 2010 жылы құрылды. Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет Директорлар кеңесінің консультациялық-кеңесші органы болып табылады және өз қызметін Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2021 жылғы 4 мамырда бекітілген «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитетінің құрамы*

Комитет төрағасы:

  • Заика Дмитрий Александрович — тәуелсіз директор.

Комитет мүшелері:

  • Александр фон Гляйх — тәуелсіз директор;
  • Буянов Алексей Николаевич — тәуелсіз директор;
  • Найзабеков Тимур Құрманғазыұлы — тәуелсіз директор;
  • Құсайынов Ерұлан Айташұлы — Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • Саудабаев Серік Болатұлы — Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • Әлімов Абай Сәбитұлы — Директорлар кеңесінің мүшесі.
*2021 жылғы 30 сәуірге дейін СЖК құрамына тәуелсіз директор Гарретт Мартин Джонстон кірді. 2021 жылғы 16 наурыз — 30 сәуір аралығындағы кезеңде СЖК құрамына 2021 жылғы 22 ақпандағы ДК шешімімен ДК құрамына сайланған Керейбаев Дәурен Жұмағалиұлы кірді.

Комитет төрағасы отырыстарға бақылаушылар, баяндамашылар ретінде, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат беру үшін шақырылды:

  • Директорлар кеңесінің, Басқарманың мүшелері;
  • Компанияның, сондай-ақ еншілес ұйымдардың басшы және өзге де қызметкерлері;
  • консалтингтік компаниялардың өкілдері.

2021 жылғы қызмет

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі Комитет комитеттің шешімімен бекітілген жыл сайынғы жоспар бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет отырыстар, кезектен тыс отырыстар — қажеттілігіне қарай өткізеді.

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет 2021 жылы 9 бетпе-бет отырыс өткізді, онда 26 мәселе қаралды және олар бойынша Компанияның Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берілді. Бұл стратегия, бизнес-жоспарлау, консультациялық қызметтерді тарту, Компанияның даму жоспары және Компания қызметінің басқа да маңызды мәселелері.

2021 жылы Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырыстарына қатысу
Директорлар кеңесінің мүшелері
Қатысу пайызы
Заика Д. А.
100%
Буянов А. Н.
100%
Г. М. Джонстон / А. Гляйх
100%
Найзабеков Т. Қ.
100%
Әлімов А. С.
100%
Құсайынов Е. А.
100%
Саудабаев С. Б.
100%

Мобильді сегмент бойынша интеграциялық комитет

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мобильдік сегмент бойынша Интеграциялық комитеті Директорлар кеңесінің шешімімен 2019 жылы құрылды және Директорлар кеңесінің консультациялық-кеңесші органы болды, өз қызметін «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мобильдік сегмент бойынша интеграциялық комитеті туралы ережеге сәйкес жүзеге асырды.

Интеграциялық комитет «Қазақтелеком» АҚ ұялы операторларының технологиялық инфрақұрылымдарын интеграциялау кезеңінде құрылды.

Интеграциялық комитеттің құрамы

Комитет төрағасы:

  • Буянов Алексей Николаевич — тәуелсіз директор.

Комитет мүшелері:

  • Заика Дмитрий Александрович — тәуелсіз директор;
  • Құсайынов Ерұлан Айташұлы — Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • Лезговко Александр Владимирович — «Қазақтелеком» АҚ бас техникалық директоры;
  • Құдайбердиев Тимур Тельманұлы — «Қазақтелеком» АҚ бизнесті қамтамасыз ету және қолдау жөніндегі бас директоры;
  • Лян Наталья Валерьевна — «Қазақтелеком» АҚ сыртқы активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;
  • Коньков Сергей Федорович — «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС Бас директоры;
  • Харламов Юрий Евгеньевич — «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы.

2021 жылғы қызмет

Интеграциялық Комитет 2021 жылы 3 отырыс өткізді. Онда 6 мәселе қаралды, оның ішінде интеграция бойынша сатып алу мерзімдерінің ауысуын ескере отырып, интеграция бойынша өзектендірілген мастер-жоспар келісілді, mocn іске қосу нәтижелері және ұялы операторлардың технологиялық инфрақұрылымдарын интеграциялау бойынша басқа да маңызды мәселелер қаралды.

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің тапсырмасына сәйкес 2021 жылдың жазында «Қазақтелеком» АҚ Басқармасы жанындағы синергиялар жөніндегі басқарушы комитет құрылды, оның ішінде интеграция мәселелерін де қарастырды, осыған байланысты Интеграциялық комитет «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 21.07.2021 жылғы шешімімен, № 8 хаттама таратылды.

Директорлар кеңесі мүшелерінің Интеграциялық комитеттің 2021 жылғы отырыстарына қатысуы
Директорлар кеңесінің мүшелері
Қатысу пайызы
Буянов А. Н.
100%
Заика Д. А.
67%
Құсайынов Е. А.
100%

Директорлар кеңесінің сыйақысы

Тәуелсіз директорлардың 2021 жылы Директорлар кеңесі Комитеттің әрбір бетпе-бет отырысына қатысуы үшін жылдық тіркелген сыйақының және сыйақының мөлшері «Қазақтелеком» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес айқындалған.

Тәуелсіз директор үшін жылдық тіркелген сыйақы мөлшері:

  • ҚР бейрезиденттері үшін — 45000 (қырық бес мың) АҚШ доллары мөлшеріндегі тіркелген жылдық сыйақы және ҚР заңнамасына сәйкес салықтар мен басқа да міндетті аударымдарды ұстағаннан кейін Компанияның Директорлар кеңесінің комитеттеріне мүшелігі/төрағалығы үшін 11000 (он бір мың) АҚШ доллары мөлшеріндегі қосымша сыйақы;
  • ҚР резиденттері үшін — 16650000 (он алты миллион алты жүз елу мың) теңге мөлшеріндегі тіркелген жылдық сыйақы және ҚР заңнамасына сәйкес салық және басқа да міндетті аударымдарды ұстағаннан кейін Компанияның Директорлар кеңесінің комитеттеріне мүшелік/төрағалық ету үшін 4000000 (төрт миллион) теңге мөлшеріндегі қосымша сыйақы.

Акционерлердің жалпы жиналысының 2021ж.12.08 шешіміне сәйкес «Қазақтелеком» АҚ Компанияның Директорлар кеңесінің Төрағасына тіркелген жылдық сыйақы мөлшері ҚР заңнамасына сәйкес салық және басқа да міндетті аударымдарды ұстағаннан кейін 16000000 (он алты миллион) теңгені құрайды.

Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелеріне-резиденттерге төленген жиынтық сыйақы 2021 жылы 70 792 мың теңгені құрайды. Резидент емес компаниялардың Директорлар кеңесінің мүшелеріне төленген жиынтық сыйақы 2021 жылы 161 989 АҚШ долларын құрайды.

Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2021 жылы төленген жалпы жиынтық сыйақы 139 918 мың теңгені құрайды.

Корпоративтік хатшы

Корпоративтік хатшы өз қызметінде Директорлар кеңесіне есеп береді, өз қызметін ҚР заңнамасының, Жарғының, Корпоративтік басқару кодексінің, өзге ішкі құжаттардың нормаларына, сондай-ақ Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.

Корпоративтік хатшы өз қызметі шеңберінде Акционерлердің жалпы жиналыстарын және Директорлар кеңесінің отырыстарын дайындау мен өткізуді бақылайды, іс жүргізуді ұйымдастырады және Директорлар кеңесінің құжат айналымын қамтамасыз етеді, Директорлар кеңесінің отырыстарын шақыруды қамтамасыз етеді және осы отырыстардың хаттамаларын жүргізеді, Директорлар кеңесінің мүшелеріне қажетті ақпаратты береді.

«Қазақтелеком» АҚ корпоративтік хатшысы Б.Қ. Әбдіқалықов мемлекеттік наградаларға, «Үздік байланысшы» салалық атағына ие. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының үздік корпоративтік хатшыларының бірі, корпоративтік басқаруды және корпоративтік хатшылар институтын одан әрі жетілдіру жөніндегі түрлі іс-шаралардың тұрақты қатысушысы болып танылды.

Корпоративтік хатшы туралы ережемен Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында «Корпоративтік басқару» бөлімінде танысуға болады.