«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (МТ-С) өз қызметін сәтті жүзеге асырады және 2021 жылдың қорытындысы бойынша МТ-С негізгі жоспарлы қаржылық көрсеткіштері асыра орындалды. 2021 жылы түсім 2020 жылмен салыстырғанда 15%-ға өсті, EBITDA 2020 жылға қарай 22%-ға өсті, ал тиімділігі 54%-ды құрады.
МТ-С ҚР телекоммуникация саласындағы технологиялық көшбасшылығын сақтайды және соңғы пайдаланушылар үшін алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуді жалғастыруда. 2021 жылы соңғы буынның VoLTE — дауыстық байланысы коммерциялық іске қосылды және жыл соңына қарай осы қызметті пайдаланушылар саны 1,5 млн құрады, сондай-ақ Алматыда 5G 2 тесттік аймағы іске қосылды, жүктеу жылдамдығы 1,5 гигабайтқа жетеді. Сонымен қатар, Speedtest халықаралық беделді рейтингінің деректеріне сәйкес, МТ-С мобильді интернет, қамту және мобильді желі жылдамдығы бойынша үздік мобильді оператор болып танылды.
Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында МТ-С ЖШС жыл бойы, соның ішінде Компанияның 10 жылдығын мерекелеу шеңберінде түрлі іс-шаралар өткізді.
Сондай-ақ, 2021 жылы МТ-С және «Кселл» АҚ технологиялар мен қызметтерді одан әрі жетілдіруге ықпал ететіндей озық тәжірибемен бөлісуді жалғастыра отырып, барлық әлеуетті синергияларды барынша пайдалану үшін өз желілерін интеграциялау бойынша жұмыстарды жалғастырды.