Біріктірілген жылдық есеп • 2021

2021 жылғы негізгі оқиғалар

01Қаңтар
  • Қазақстанда «Кселл» АҚ желілерінің базасында бизнеске немесе оның филиалына елдің кез келген нүктесінде жұмыс істеуге және қолжетімділік параметрлерін өзгертпей, өзінің ақпараттық желісіне қол жеткізуге, ал қызметкерлерге мобильді болуға мүмкіндік беретін «Мобильді кеңсе» сервисі іске қосылды.
  • «Қазақтелеком» АҚ жаңа буын — eSIM қызметін іске қосты. Енді «Қазақтелеком» АҚ абоненттеріне жаңа eSIM қызметі — пластикалық SIM-картаның цифрлық баламасы қолжетімді.
  • Digital Almaty 2021 халықаралық форумында «Қазақтелеком» АҚ пандемия кезінде карантиндік шаралардың сақталуын қамтамасыз ететін технологияларды ұсынды.
  • «Қазақтелеком» АҚ үлкен деректердің көмегімен іске асырылған Data-талдау жобаларын ұсынды.
  • WhatsApp Business Онлайн-арнасы тәулік бойы жұмыс режиміне өтті.
03Наурыз
  • «Қазақтелеком» АҚ орталық өңірлік телекоммуникация дирекциясы Шахтинск қаласындағы бірінші абоненттерді бір талшықты-оптикалық желі арқылы бірден бірнеше қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін GPON технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернетке қосты.
  • «Қазақтелеком» АҚ қазақстандықтарға өз үйінде эфирді басқаруға және бір уақытта бірнеше гаджеттерден түрлі бағдарламаларды көруге мүмкіндік беретін IPTV технологиясы бойынша жаңа буындағы телехабар тарату қызметін ұсынды.
  • «Қазақтелеком» АҚ TV+ жаңа телевизиялық платформасы нарықта бірінші аптада 20 мыңнан астам адамды жинады.
  • «Қазақтелеком» АҚ 2020 жылға аудиттелген шоғырландырылған есептілікті ұсынды, оған сәйкес 12 айда түсім 23,8%-ға өсті.
  • «Қазақтелеком» АҚ командасы ШФЛ қысқы чемпионаттың алтынын жеңіп алды.
  • «Қазақтелеком» АҚ Қарағанды облысының Жарлы ауылында жоғары жылдамдықты Интернет өткізді. Елді мекен облыс орталығынан 255 шақырым жерде орналасқан және ауылдың қашықтығына байланысты тұрғындар ұзақ жылдар бойы сапалы Интернетке қол жеткізуде қиындықтарға тап болды.
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның «Онлайн-медицина» өнімін пайдаланушылар саны 50 мыңды құрады.
04Сәуір
  • Елордада Chocomart.kz.онлайн гипермаркетінің өзі алып кету нүктесі ашылды.
  • Halyk Finance және Freedom Finance «Қазақтелеком» АҚ жоғары өсу әлеуетін бағалады.
  • Алғаш рет жоғары жылдамдықты Интернет Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Абай ауылының тұрғындарына қолжетімді болды. Бұған дейін бұл ауылда ұялы байланыс немесе Интернет болған жоқ. Кентте 270-тен астам адам тұрады, олар үшін соңғы уақытқа дейін байланыстың негізгі арнасы сымсыз технология бойынша телефон болды.
  • «Қазақтелеком» АҚ InDigiCo цифрлық бөлімшесінің мамандары IT-шешімдерді тек бас компания үшін ғана емес, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл- ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ/Қор) портфельдік кәсіпорындары үшін де әзірлейтін болады.
  • Қарағанды облысының 40 медициналық мекемесіндегі сараптамасы бар 80 бейнебақылау камерасын «Карантиндік шаралар мониторингі жүйесі» жобасы аясында «Қазақтелеком» АҚ Орталық өңірлік дирекциясы орнатқан болатын.
  • Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының тау бөктеріндегі Ізғұтты Айтықов мен Бестерек екі кентінің тұрғындары — жоғары жылдамдықты интернетке еркін қол жеткізді.
  • Ағымдағы жылдың басынан бастап «Қазақтелеком» АҚ GPON ең заманауи технологиясы бойынша елорданың 35 көппәтерлі тұрғын үй кешенін талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосты.
  • «Қазақтелеком» АҚ нақты уақыт режимінде Жаңаөзен қаласындағы Smart City технологиясының мүмкіндіктерін Маңғыстау облысының әкіміне көрсетті.
  • Жоғары жылдамдықты Интернетке Алматы облысы Қарасай ауданы Жармұхамбет кентінің тұрғындары қол жеткізді.
05Мамыр
  • Қазақстан 2021 жылдың сәуір айында Ookla Speedtest Global Index компаниясының нұсқасы бойынша Жаһандық мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болды.
06Маусым
  • «Қазақтелеком» АҚ отандық киберспортты TV+ платформасына шығарды. Ағымдағы жылы «Қазақтелеком» АҚ іске қосқан TV+ платформасында киберспорт бойынша отандық турнирлердің алғашқы онлайн-көрсетілімдері болып өтті.
  • Ақмола облысының шалғайдағы Бестөбе ауылының 6 мыңнан астам тұрғыны ТОБЖ технологиясы бойынша кең жолақты Интернетке қол жеткізді.
07Шілде
  • «Қазақтелеком» АҚ әлеуетті және жұмыс істеп тұрған клиенттермен жұмыс істеудің жаңа тетігін енгізуде — өз пәтерлерінің кілттерімен бірге енді жаңа қоныстанушылар бірден телекоммуникация қызметтеріне қосылу мүмкіндігін алады.
08Тамыз
  • Онлайн-арналар арқылы өтініштер саны 1,2 млн-нан асты. Цифрлық құралдар арқылы абоненттік бөлімшелерге қарағанда клиенттерге 42%-ға көп қызмет көрсетіледі.
  • «Қазақтелеком» АҚ 2021 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша шоғырландырылған есептілікті жариялады. Құжатқа сәйкес «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының қаржылық нәтижелері (бұдан әрі — «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобы/Топтар) тұрақты өсім көрсетіп келеді. Алғашқы 6 айда түсім 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артып, 282,5 млрд теңгені құрады (2020 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша 244,9 млрд теңге).
09Қыркүйек
  • TV + платформасын пайдаланушылар саны 200 мың абоненттен асты.
  • «Қазақтелеком» АҚ КИМЭП Университетінің «Басшы кадрларға арналған білім беру орталығымен» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
  • Цифрлық технологияларды енгізу бағдарламасы шеңберінде әзірленген бизнеске арналған қазақстандық порталдың пайдаланушылары ISMET.KZ еліміздің ең ірі телеком-операторы соңғы 2,5 жылда 54 мыңнан астам кәсіпкер мен бизнес-қоғамдастық өкілдері болды.
  • QazCloud және «Mail.ru цифрлық технологиялар» компаниялары ниет туралы меморандумға қол қойды, оған сәйкес қазақстандық бизнес Mail.ru Cloud Solutions бұлтты платформаға қол жеткізе алады.
10Қазан
  • «Қазақтелеком» АҚ елордада ақылды қала элементтерін енгізу және әкімдікке қалалық ортаны цифрландыруға көмек көрсету, сондай-ақ Нұр-Сұлтанның цифрлық қос порталын құру туралы бастама көтерді.
  • «Қазақтелеком» АҚ Түркістан облысының Полиция департаментімен бірлесіп мектептердің бейнебақылау камераларынан Полиция департаментінің жедел басқару орталығына деректерді шығару жобасын іске асырды.
  • Қазақстандық инфрақұрылымдық провайдер QazCloud ЖШС өзінің деректерді өңдеу орталығын іске қосты, ол «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының барлық ақпараттық жүйелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қордың еншілес компаниясына өз клиенттеріне қызмет көрсету көлемін елеулі кеңейтуге мүмкіндік береді.
  • «Қазақтелеком» АҚ Түркістандағы 5G базалық станциясын іске қосты.
  • «Қазақтелеком» АҚ Smart Turkistan жобасын іске асырудың белсенді кезеңіне өтіп, қаланың коммуналдық және муниципалдық объектілерін ірі телеком-оператор салған IoT желісіне қосыла отырып, суды тұтыну туралы деректерді қашықтықтан беретін құрылғылармен жарақтандыруды бастады.
  • «Қазақтелеком» АҚ ауылдық жерлерде интернет пен кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін «Ауылдағы цифрлық серіктес» пилоттық жобасын іске қосты.
  • S & P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақтелеком» АҚ-ның ВВ+ (болжам «Тұрақты») деңгейіндегі кредиттік рейтингі туралы есепті жариялады, онда 2021-2022 жылдар кезеңінде Қазақстанның ірі телеком-операторы түсімінің одан әрі органикалық өсуін болжады.
11Қараша
  • «Қазақтелеком» АҚ Қазақстан Республикасының (бұдан әрі — ҚР) ауылдық елді мекендерінде eGoldau ашық қол жеткізу пункттерінің желісін құрады, соның арқасында тұрғындарда цифрлық қызметтер мен электрондық сервистер әлеміне қол жеткізудің тағы бір құралы пайда болады.
  • «Қазақтелеком» АҚ ірі телеком-операторы мен «Қазпошта» пошта желісінің ұлттық операторы телемедицина және Заттар интернеті саласында ынтымақтасатын болады. Тиісті меморандумға компания басшылары Қуанышбек Есекеев пен Серік Саудабаев қол қойды.
  • COVID-19 таралуын мониторингтеу үшін ең ірі оператор «Қазақтелеком» АҚ Smart Turkistan жобасы шеңберінде Түркістан қалалық емханасында интеллектуалды бейнебақылау жүйесін орнатты.
12Желтоқсан
  • «Қазақтелеком» АҚ Түркістан облысында 63 eGoldau қоғамдық қол жеткізу пунктін орнатты.
  • «Қазақтелеком» АҚ КИМЭП университетімен бірлесіп өз қызметкерлерінің басқарушылық және кәсіби құзыреттерін дамыту жөніндегі жобаны іске қосты.
  • Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақтелеком» АҚ-ның кредиттік рейтингін ВВВ — (болжам «Тұрақты») деңгейінде растады.
  • «Қазақтелеком» АҚ 28 маусымда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай журналистер арасында шығармашылық конкурстың жеңімпаздарын жариялады.
  • «Қазақтелеком» АҚ Нұр-Сұлтанда FWA желісін іске қосты.