Біріктірілген жылдық есеп • 2021

Корпоративтік басқару жүйесі

Компанияның корпоративтік басқаруының негізі акционерлік қоғам қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді көздейтін және оның табысты қызметіне, оның ішінде оның беделінің өсуіне, қаржылық тұрақтылық пен табыстылықты қолдауға ықпал ететін менеджменттің тиімді құрылымы болып табылады.

Корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттары орнықты даму, акционерлердің құқықтары және оларға әділ көзқарас, Директорлар кеңесінің тиімділігі, ашықтық болып табылады. Осы қағидаттар мен корпоративтік басқару кодексінің ережелерін сақтау жыл сайын корпоративтік хатшы дайындайтын Директорлар кеңесіне арналған есепте көрсетіледі.

2021 жылдың қорытындысы бойынша талдау көрсеткендей, «Қазақтелеком» АҚ және оның корпоративтік тәжірибесі корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелеріне толық сәйкестігін көрсетеді. Қазақтелеком АҚ-ның 2021 жылғы корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтауы туралы есеп Есептің 6-қосымшасында келтірілген.

«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік басқару жүйесі акционерлік қоғам қызметін басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін процестер жиынтығын, сондай-ақ атқарушы орган, Директорлар кеңесі, акционерлер мен мүдделі тараптар арасындағы өзара қатынастар жүйесін білдіреді. Органдардың құзыреттері мен шешімдер қабылдау тәртібі «Қазақтелеком» АҚ Жарғысында айқындалып, бекітілген.

«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік басқару құрылымы