Біріктірілген жылдық есеп • 2021

Капитал құрылымы

«Қазақтелеком» АҚ жарғылық капиталы 12 136 529 мың теңгені құрайды және 10 922 876 жай акция мен 1 213 653 артықшылықты акциядан тұрады. Бір акцияның номиналды құны — 1 000 теңге. Шығарылған акциялардың жалпы санынан «Қазақтелеком» АҚ-ның артықшылықты акцияларының үлесі 10%-ды құрайды.

«Қазақтелеком» АҚ жай және артықшылықты акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның (Биржа) 1997 жылғы 16 қазаннан бастап «А» санатындағы ресми тізіміне енгізілді, 2008 жылғы 1 қыркүйектен бастап биржаның ресми тізімінің бірінші санатына ауыстырылды.

Қазіргі уақытта Компанияның жай және артықшылықты акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми тізімінің «Премиум» санатына кіреді және Биржаның негізгі алаңында саудаланады.

2006 жылғы 28 сәуірде «Қазақтелеком» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті Қазақстанның бірқатар ірі компанияларының мемлекеттік үлестерін тиімді басқару үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысына сәйкес құрылған «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ға берілді. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысымен «Қазына» орнықты даму қоры» және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» акционерлік қоғамдарын қосу жолымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құрылды. Бүгінгі таңда Қор Компанияның ең ірі акционері болып табылады.

2018 жылғы шілдеде Skyline INVESTMENT COMPANY S.A компаниясы «Қазақтелеком» АҚ-ның жаңа ірі акционері болды.

2021 жылы ірі акционерлер құрамында өзгерістер болған жоқ.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Қазақтелеком» АҚ жай акцияларының меншік иелері
Акционерлер
Акциялар саны
Үлес, %*
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
5 570 668
51,00%
Skyline Investment Company S.A.
2 671 481
24,46%
Депозитарлық қолхаттар (номиналды ұстаушы — BNY Mellon)
1 046 150
9,58%
Үлесі 5%-дан кем өзге акционерлер**
1 634 577
14,96%
* Үлес орналастырылған жай акциялардың жалпы санынан есептелген
** Оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ сатып алған акциялар
Акциялардың саны
теңге*
26 700 12 849 31.12.2020 35 800 25 750 31.12.2021
  • Жай акциялар (1 дана)
  • Артықшылық берілгендер (1 дана)
* жылдың соңғы сауда күніндегі жабылу бағасы

01.01.2022 ж. жағдай бойынша Компанияның Басқарма, Директорлар кеңесінің мүшелері «Қазақтелеком» АҚ жай акцияларының меншік иелері болып табылмайды, акцияларды тоғыспалы иелену жоқ.

2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-дағы «Қазақтелеком» АҚ (ISIN KZ0009093241) жай акцияларының құны 35 800,00 теңгені, «Қазақтелеком» АҚ (ISIN KZ0009094645) артықшылықты акцияларының құны 25 750,00 теңгені құрады.