Біріктірілген жылдық есеп • 2021

Ішкі аудит

Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі — ІАҚ) Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін және Аудит жөніндегі комитет жетекшілік ететін, Компанияның ішкі аудитін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін Компанияның Директорлар кеңесінің органы болып табылады. ІАҚ қызметі Ішкі аудит қызметі туралы ережеге және «Қазақтелеком» АҚ жылдық аудит жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Қызмет өз қызметінде тәуелсіздік, объективтілік, құзыреттілік және жұмысқа кәсіби көзқарас қағидаттарын, Ішкі аудиторлар институтының ішкі аудитінің халықаралық кәсіптік стандарттарымен белгіленген ішкі аудиторлар қызметінің сапалық стандарттары мен стандарттарын басшылыққа алады. 1110 стандартына сәйкес — Ұйымдық тәуелсіздік — ІАҚ ұйымдық тәуелсіздікті сақтайды.

Негізгі қызмет шеңберінде 2021 жылы қызмет Жылдық аудиторлық жоспарға және Директорлар кеңесінің тапсырмаларына сәйкес 14 аудиторлық іс-шара өткізді, жоспар 100%-ға орындалды.

2021 жылы KPMG жүргізген ІАҚ қызметін тәуелсіз сыртқы бағалау нәтижелері бойынша ІАҚ қызметінің барлық елеулі аспектілерде ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарының талаптарына сәйкес келетіні расталды. Стандарттардың талаптарына сәйкестігін бағалау нәтижелері бойынша ІАҚ сәйкестік пайызы 98%-ды құрады.