Дивидендтік саясат
Қазақтелеком» АҚ дивидендтік саясатының мақсаты Компания мен Акционерлер мүдделерінің теңгерімін, дивидендтердің мөлшерін, оларды төлеу шарттары мен тәртібін айқындау кезіндегі тәсілдің болжамдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Компанияның дивидендтік саясатының негізгі қағидаттары айналыстағы акциялардың барлық пакетіне дивидендтердің кепілді төленуін қамтамасыз ету қағидаты және Компанияның қаражаты есебінен іске асырылатын қызметтің жаңа түрлерін және инвестициялық жобаларды қаржыландыруды қоса алғанда, Компанияның қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету қағидаты болып табылады.
Төленетін дивидендтердің мөлшері қаржылық тұрақтылық пен өтімділік көрсеткіштері негізінде айқындалатын «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржы-экономикалық жағдайына байланысты.
- 1 акцияға дивиденд (теңге)
- Кезеңдегі таза пайдадан үлес (%)
Компания төлеуге ұсынатын дивидендтердің мөлшері «Қазақтелеком» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 51 шешіміне сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (2013 ж. 18.01 № 49 хаттама) бекітілген «Қазақтелеком» АҚ дивидендтік саясаты туралы ережеде жазылған дивидендтерді есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалады. Дивидендтердің мөлшері туралы түпкілікті шешімді акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды.
2021 жылы Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешіміне сәйкес (2021 жылғы 30 сәуірдегі № 70 хаттама) негізгі Компанияның меншік иелеріне тиесілі 2020 жылғы шоғырландырылған пайданың 30% дивиденд төлеуге жіберілді.