Біріктірілген жылдық есеп • 2021

«Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының өсу тарихы

1994
  • «Қазақтелеком» АҚ компаниясының құрылуы.
1995
  • Алматы қаласынан 52 км қашықтықта халықаралық Транс-Азия-Еуропа талшықты-оптикалық желілер байланысының (ТАЕ ТОЖБ) Ұлттық секторын салу.
1996
  • Алматы қаласында TLX 25 Turbo телекс станциясын іске қосу.
1997
  • Компанияның Қазақстан қор биржасында листингі.
1998
  • Шалғай елді мекендерде телефон қызметтерін ұсыну үшін спутниктік байланыс жүйесін іске қосу.
1999
  • Kazakhstan Online сауда маркасымен деректер берудің бірыңғай ұлттық желісін құру.
  • Алматы қаласындағы бірінші Халықаралық коммутация орталығын (ХКО) пайдалану.
2000
  • DialUp — «Интернет аймағы» технологиясы бойынша Интернет желісіне қол жеткізу қызметін енгізу.
2001
  • Орталық Азия аумағында 10 мың пайдаланушыға арналған алғашқы Internet Data Center (IDC) ашылуы.
2002
  • Ұлттық зияткерлік желіні іске қосу.
  • «Ресей-Қазақстан» талшықты-оптикалық желілік өткелін пайдалануға қабылдау.
2003
  • «Қазақтелеком» АҚ басқару сапасы мен тиімділігі үшін International Gold Medal Award халықаралық құрмет марапатына ие болды;
  • Қазақстан астанасын цифрландыруды аяқтау.
2004
  • Компанияны ашық акционерлік қоғамнан (ААҚ) акционерлік қоғамға (АҚ) қайта тіркеу.
2005
  • ADSL технологиясы негізінде Megaline Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік қызметін іске қосу.
2006
  • АКТ-ны жеке бағытқа (Ақпараттық жүйелер дирекциясы) бөлу.
2007
  • «Қазақтелеком» АҚ Қазақстан аумағында тіркелген байланыс қызметтерінің 100% таралуын қамтамасыз етті.
2008
  • Сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі жобаны іске асыру және Теңгерімді көрсеткіштердің ақпараттық жүйесін пайдалануға қабылдау.
2009
  • ID TV брендімен IPTV қызметтерін іске қосу.
2010
  • «Инфокоммуникациялық технологиялар академиясы» дирекциясының ашылуы.
  • «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық желілерін Next Generation Network (NGN) технологиясына көшіру» жобасын аяқтау.
2011
  • FTTH әмбебап талшықты-оптикалық қол жеткізу желісін салу бойынша стратегиялық жобаның басталуы.
2012
  • TeliaSonera компаниясы «Кселл» АҚ акцияларының 49%-ын сату.
  • Hewlett-Packard компаниясымен бірлесіп әзірленген ТМД-дағы ең ірі Деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) тұсаукесері.
2013
  • Компания «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның бес еншілес ұйымында жүргізілген корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасының нәтижелері бойынша Қордың еншілес компаниялары арасында корпоративтік басқару рейтингінің деңгейі бойынша көшбасшы деп танылды.
2014
  • LTE желісін іске қосу (ALTEL еншілес компаниясының базасында).
  • Жаңа буын DWDM магистральдық желісін іске қосу.
2015
  • «Қазақтелеком» АҚ арқасында тіркелген дауыстық байланыс желілерін 100% цифрландыру жүзеге асырылды.
2016
  • Мобильді байланыс нарығында ALTEL/Tele2 бірлескен кәсіпорнын құру.
  • China Mobile-мен бірлесіп Еуропа — Оңтүстік-Шығыс Азия транзиттік бағытын ұйымдастыру бойынша Dream жобасын іске асыру.
2017
  • Бірыңғай желіні басқару орталығын құру.
2018
  • «Кселл» АҚ акцияларының 75%-ын сатып алу.
  • АЕМ ТОБЖ құрылысы.
2019
  • Smart Aqkol жобасын іске асыру.
  • Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 5G тестілеу.
  • Бірлескен кәсіпорындағы Tele2 AB үлесінің 49%-ын сатып алу.
  • «Қазақтелеком» АҚ жыл сайынғы TMT M&A Awards 2019 халықаралық премиясында «Жыл мәмілесі» номинациясында жеңімпаз атанды.
2020
  • Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақтелеком» АҚ-ның кредиттік рейтингін BB+ («Оң» болжам) деңгейінен BBB– («Тұрақты»болжам) деңгейіне дейін көтерді.
  • Халық саны 250 адамнан асатын ауылдық елді мекендерді кең жолақты мобильді интернетпен қамтамасыз ету бойынша «250+» жобасы іске асырылды.
  • «Қазақтелеком» АҚ темекі өнімдерін міндетті таңбалау жүйесінің бірыңғай операторы болып анықталды, ол нарыққа қатысушылардың ақпараттық жүйелерінің техникалық құрамдас бөлігі, деректерді сақтау және синхрондау үшін жауапты.
  • АЕМ ТОБЖ құрылысы аяқталды. Жобаны іске асырудың 2 жылында бүкіл ел бойынша 14 380 шақырым оптикалық-талшықты желі жүргізілді.
  • «Қазақтелеком» АҚ LoRa технологиясы бойынша тағы 104 базалық станцияның құрылысын аяқтады. М2М (machine to machine) және IoT-құрылғылары Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ Түркістан мен Алматыдағы қалалық коммуналдық жүйелерге қосылуы мүмкін. Жалпы алғанда желі еліміздің 14 қаласында іске қосылған.
  • 2020 жылы негізгі бизнесті цифрландыруды, жаңа цифрлық бизнесті дамытуды және желіні цифрлық трансформациялауды көздейтін жаңа SERPIN стратегиясы мен трансформациялау бағдарламасын іске асыру басталды.
2021
  • Қазақстанда «Кселл» АҚ желілерінің базасында бизнеске немесе оның филиалына елдің кез келген нүктесінде жұмыс істеуге және қолжетімділік параметрлерін өзгертпей, өзінің ақпараттық желісіне қол жеткізуге, ал қызметкерлерге мобильді болуға мүмкіндік беретін «Мобильді кеңсе» сервисі іске қосылды.
  • «Қазақтелеком» АҚ жаңа буын — eSIM қызметін іске қосты. Енді «Қазақтелеком» АҚ абоненттеріне жаңа eSIM қызметі — пластикалық SIM-картаның цифрлық баламасы қолжетімді.
  • Қазақстан 2021 жылғы сәуірде Ookla Speedtest Global Index компаниясының нұсқасы бойынша Жаһандық мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болды.
  • «Қазақтелеком» АҚ отандық киберспортты TV+ платформасына шығарды. Мамыр айының соңында «Қазақтелеком» АҚ іске қосқан TV+ платформасында киберспорт бойынша отандық турнирлердің алғашқы онлайн-көрсетілімдері өтті.
  • «Қазақтелеком» АҚ Smart Turkistan жобасын іске асырудың белсенді кезеңіне өтті, қаланың коммуналдық және муниципалдық объектілерін ірі телеком-оператор салған IoT желісіне қосыла отырып, суды тұтыну туралы деректерді қашықтықтан беретін құрылғылармен жарақтандыруды бастады.
  • «Қазақтелеком» АҚ ҚР ауылдық елді мекендерінде eGoldau ашық қол жеткізу пункттерінің желісін құрады, соның арқасында тұрғындарда цифрлық қызметтер мен электрондық сервистер әлеміне қол жеткізудің тағы бір құралы пайда болады.
  • «Қазақтелеком» АҚ Нұр-Сұлтанда FWA желісін іске қосты.