Біріктірілген жылдық есеп • 2021

Акционерлер жиналысы

Акционерлердің құқықтары және оларды сақтау «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік басқарудың маңызды қағидаттары болып табылады. Компания акцияларды иелену үлесіне қарамастан миноритарлық акционерлерді қоса алғанда, барлық акционерлерге бірдей қарайды және ақпаратты жеткізуді тең тәртіппен жүзеге асырады.

2021 жылы Акционерлердің 3 жалпы жиналысы (22 ақпан, 30 сәуір және 12 тамыз) өткізілді. Қаралған негізгі мәселелердің тізбесінде — 2020 жылға жылдық қаржылық есептілікті бекіту, 2020 жылға таза пайданы бөлу тәртібі, «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын сайлау, «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне сыйақы беру саясатына өзгерістер енгізу мәселелері бар.