Біріктірілген жылдық есеп • 2021

Ақпаратты ашу

«Қазақтелеком» АҚ «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңдарына, сондай-ақ «Қазақстан қор биржасы» АҚ, Astana International Exchange Ltd. және ҚР Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес ақпаратты ашуды жүзеге асырады.

«Қазақстан қор биржасы» АҚ Интернет-ресурстарында (kase.kz), Astana International Exchange Ltd. (aix.kz) және «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ (dfo.kz) Компанияның басқару органы мен атқарушы органының құрамы туралы, корпоративтік оқиғалар туралы, ірі акционерлердің құрамы, акционерлердің алдағы жалпы жиналыстары мен олардың қорытындылары туралы, бағалы қағаздар шығару туралы ақпарат, сондай-ақ акционерлер мен инвесторлардың мүдделеріндегі қаржылық есептілік пен басқа да ақпарат жарияланады.

Бұдан басқа, акционерлер мен мүдделі тұлғаларды кеңінен қамту үшін ақпарат Компанияның сайтында ашылады.

Басқару органдары:

  • жоғарғы орган — Акционерлердің жалпы жиналысы;
  • басқару органы — Директорлар кеңесі;
  • атқарушы орган — Басқарма.

Басқарма Директорлар кеңесіне бағынады және есеп береді, ол өз кезегінде Акционерлердің жалпы жиналысының алдында жауапты болады. Компанияның әрбір органының егжей-тегжейлі рөлі мен функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда, Жарғыда және Компанияның басқа да ішкі құжаттарында жазылған.

Ішкі аудит қызметі Компанияның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару саласындағы бағалауды және корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын, сондай-ақ акционерлік қоғам қызметін жетілдіру мақсатында консультация беруді жүзеге асыратын орган болып табылады.

Ақпараттық саясат

«Қазақтелеком» АҚ акционерлік қоғамының ақпараттық саясаты ҚР заңнамасына, Жарғыға және «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне және 2025 жылға дейінгі бизнесті дамыту стратегиясына сәйкес әзірленген.

Ақпараттық саясаттың мақсаты — мүдделі тараптармен ұзақ мерзімді, адал қарым-қатынас құру үшін Компания туралы күтілетін оң пікірді қалыптастыру. Саясат әртүрлі байланыс арналары арқылы тарату және өзекті ақпаратты нысаналы аудиторияға жеткізу үшін Компанияның қызметі туралы бірегей ақпараттық себептер жасау арқылы жүзеге асырылады. Әрбір ақпараттық хабарламаның мақсаты бар: қол жетімді және түсінікті түрде нысаналы аудиторияға жету.

Саясат Компания өз қызметі туралы мынадай негізгі нысаналы аудиторияға:

  • акционерлерге, инвесторларға;
  • клиенттерге (B2B, B2C, B2G сегменттеріндегі корпоративтік серіктестерге);
  • ҚР мемлекеттік органдарына;
  • бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ Компания, оның өнімдері мен қызметтері туралы ақпарат алуға мүдделі басқа тараптарға ұсынатын ақпараттың негізгі қағидаттары мен нақты талаптарын анықтайды.

Сонымен бірге саясат инсайдерлік, қызметтік, коммерциялық ақпаратты қорғауға, сондай-ақ заңнамамен жеке деректерге жатқызылған ақпаратқа талаптар қояды.

Саясат қағидаттары:

  • сенімділік қағидаты;
  • тиімділік қағидаты;
  • жүйелілік қағидаты;
  • проактивті және достық қағидаты;
  • прагматизм және нысаналы аудиторияның мүддесі үшін қамқорлық қағидасылы;
  • цифрландыру және мультимедиалық қағидаты;
  • құпиялылық қағидаты.