Біріктірілген жылдық есеп • 2021

Корпоративтік этика

Корпоративтік этика мәселелері Іскерлік этика кодексімен және корпоративтік басқару кодексімен реттеледі. Іскерлік этика кодексінің ережелері қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың барлық санаттары үшін сақталуға міндетті.

Компанияның іскерлік этикасының негізгі қағидаттары:

  • заңнама талаптарын сақтау;
  • әділдік;
  • адалдық;
  • ашықтық;
  • жауапкершілік;
  • құзыреттілік және кәсібилік;
  • сенім;
  • меритократия.

Омбудсмен іскерлік этика қағидаттарының сақталуын және әлеуметтік-еңбек дауларын оңтайлы реттеуді қамтамасыз етеді.