Біріктірілген жылдық есеп • 2021

1-қосымша. Есеп туралы

Осы «Қазақтелеком» АҚ біріктірілген жылдық есебі (бұдан әрі — Біріктірілген есеп, Есеп) Компанияның 2021 жылғы қызметінің қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштері туралы ақпаратты ашады. Компания ашықтық қағидатын ұстанады және барлық негізгі мүдделі тараптар үшін мәселелердің кең ауқымы бойынша ақпаратты тиімді ашуға ұмтылады. Қаржылық көрсеткіштер бөлігінде Ееп «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын, қаржылық емес көрсеткіштер бөлігінде — Орталық аппарат пен Компанияның 15 филиалын қамтиды. Есеп 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі тиісті қызметті, есептілік циклі — жылдық қызметті сипаттайды. «Қазақтелеком" АҚ 2017 жылдан бастап жыл сайынғы жария қаржылық емес есептер шығарады. 2020 жылғы бірыңғай Есеп 2021 жылғы 26 мамырда жарияланды. Компанияның барлық есептері «Қазақтелеком» АҚ ресми сайтында қолжетімді.

Қаржылық ақпарат шоғырландыру периметріне кіретін «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобы бойынша 2021 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін ХҚЕС стандарттары бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік деректерінің негізінде дайындалды. Қаржылық емес көрсеткіштер орнықты даму саласындағы халықаралық есептілік стандарттарына — GRI стандарттарына (ашу деңгейі — негізгі) сәйкес дайындалды. Есепте неғұрлым өзекті тақырыптарды ашу үшін Компания ішкі және сыртқы ортаға шолу жасау негізінде және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау негізінде GRI стандарттарында көрсетілген жекелеген көрсеткіштер мен тақырыптар бойынша орнықты даму аспектілерінің елеулілігіне талдау жүргізді.

Маңыздылықты талдау нәтижелерін ескере отырып, Есепке арналған ақпарат корпоративтік есеп беру жүйесін және GRI талаптары бойынша арнайы ақпараттық сұраныстарды пайдалана отырып жиналды. Біріктірілген есепті дайындау кезінде Компания GRI стандарттарымен анықталған есептің мазмұнын анықтау қағидаттарын басшылыққа алды:

  • Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу — ақпаратты ашу кезінде біз мүдделі тараптардың мүдделерін ескеруге тырыстық.
  • Тұрақты даму мәнмәтіні — Компания өз жұмысын экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қамтитын сыртқы орта мәнмәтіні шеңберінде айқындайды.
  • Маңыздылық — жылдық есепте Компанияның ең маңызды ішкі немесе сыртқы мүдделі тараптары мойындаған тақырыптарға назар аударылады.
  • Толықтық — Компания тұрақты даму саласындағы маңызды тақырыптарды жан-жақты жариялауға ұмтылады. Есепте Компания және барлық еншілес және тәуелді ұйымдар бойынша қаржылық және қаржылық емес деректер ашылған.

Есепті «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі бекітті. Есепте сыртқы растау жоқ.