Біріктірілген жылдық есеп • 2021

Басқарма

Басқарма акционерлік қоғамның міндеттерін орындау және стратегиясын іске асыру мақсатында ағымдағы қызметке басшылықты жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.

Басқарманың қызметі акционерлердің мүдделерін барынша сақтау және Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне толық есеп беру қағидаты негізінде құрылады.

Басқарма 9 мүшеден — Басқарма төрағасынан және Директорлар кеңесі сайлаған басқа тұлғалардан тұрады.

2021 жылы Компанияның Басқармасының құрамына мыналар сайланды:

  • Қараманов Алмат Болатұлы, Корпоративтік сегмент бойынша бас директор — «Қазақтелеком» АҚ филиалы — Корпоративтік бизнес бойынша дивизионның Бас директоры;
  • Ерекешев Болат Ерланұлы, Басшы техникалық директор — «Қазақтелеком» АҚ «Желі» дивизионының — филиалының бас директоры.

Есекеев Қуанышбек
Бақытбекұлы

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма төрағасы

Туған күні

1975 жылғы 10 маусым

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына алғаш сайланған күні: 15.03.2010
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасының құрамына ағымдағы сайланған күні: 06.02.2019
Компания акцияларын, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: жоқ

Білімі: жоғары, математика ғылымдарының кандидаты
  • 1991–1995: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, мамандығы: «Қолданбалы математика», математика ғылымдарының кандидаты;
  • 2001–2002: Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, мамандығы: «Менеджмент»;
  • 2015–2017: Hult Business School, London, GB, мамандығы: «Қаржы», дәрежесі: Executive MBA.
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 23.02.2007–15.03.2010: ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі — төраға;
  • 15.03.2010 — қазіргі уақытта: «Қазақтелеком» АҚ — Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.
Қоса атқаратын жұмыс және басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі мүшелік
  • «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, QazCloud ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі, «Ццифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС Байқаушы кеңесінің төрағасы.

Өзбеков Асхат
Архатұлы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, ­«Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры

Туған күні

1980 жылғы 18 маусым

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына алғаш сайланған күні: 27.09.2016
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасының құрамына ағымдағы сайланған күні: 14.03.2017
Компания акцияларын, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: жоқ

Білімі: жоғары
  • 1996–2000: Тұран университеті, амандығы: «Халықаралық экономика».
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 02.2012–12.2014: KMG EP International — Қаржы директоры;
  • 01.2015 — қазіргі уақытқа: «Қазақтелеком» АҚ — Басқарушы директор — Бас қазынашы, Басқарушы директор — Қаржылық бақылаушы, Басшы қаржы директоры.
Қоса атқаратын жұмыс және басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі мүшелік
  • «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі.

Маханбетәжиев
Батыр Әпенұлы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ Стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры

Туған күні

1972 жылғы 12 наурыз

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына алғаш сайланған күні: 07.06.2010
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасының құрамына ағымдағы сайланған күні: 17.03.2017
Компания акцияларын, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: жоқ

Білімі: жоғары
  • 1989–1994: М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, мамандығы: «Экономикалық кибернетика», біліктілігі: «Экономист-математик»;
  • 2015–2017: Hult Business School, London, GB, мамандығы: «Қаржы», дәрежесі: Executive MBA.
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 04.2010 — қазіргі уақытқа дейін: «Қазақтелеком» АҚ — «Қазақтелеком» АҚ бас әкімшілік директоры, Стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры.
Қоса атқаратын жұмыс және басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі мүшелік
  • жоқ.

Әбділдабеков Марат
Мұхтарұлы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық технологиялар жөніндегі басшы директоры

Туған күні

1967 жылғы 13 қараша

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына алғаш сайланған күні: 08.06.2007
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасының құрамына ағымдағы сайланған күні: 14.03.2017
Компания акцияларын, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: жоқ

Білімі: жоғары
  • 1984–1991: С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, мамандығы: «Механика және қолданбалы математика».
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 05.2007 — қазіргі уақытқа: «Қазақтелеком» АҚ — ­Вице-президент — Ақпараттық технологиялар жөніндегі бас директор, «Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық технологиялар жөніндегі басшы директоры.
Қоса атқаратын жұмыс және басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі мүшелік
  • «KT Cloud Lab» ЖШС Байқаушы кеңесінің төрағасы, «QazCloud» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі.

Қараманов Алмат
Болатұлы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, Корпоративтік сегмент бойынша басшы директоры — «Қазақтелеком» АҚ филиалы — Корпоративтік бизнес бойынша дивизионның бас директоры.

Туған күні

1984 жылғы 23 қаңтар

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына алғаш сайланған күні: 01.06.2021
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасының құрамына ағымдағы сайланған күні: 01.06.2021
Компания акцияларын, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: жоқ

Білімі: жоғары
  • 2001–2005: Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, мамандығы: «Экономика»;
  • 2005–2007: Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің МВА, мамандығы: «Талдама»;
  • 2012–2014: Ян Коменский және РФФА Академиясы университеті, мамандығы: «Жалпы және стратегиялық менеджмент».
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 01.12.2017–01.07.2018: «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ филиалы — «Телеком-комплект» дирекциясы, Бас директордың орынбасары/өндіріс жөніндегі директор;
  • 01.07.2018–31.05.2019: «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ филиалы — Сервистік фабриканың әкімшілік жалпы қызмет көрсету орталығының директоры;
  • 01.06.2019–31.05.2021: «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ Сервистік фабрика — филиалының бас директоры;
  • с 01.06.2021 — қазіргі уақытқа: «Қазақтелеком» АҚ, Корпоративтік сегмент бойынша басшы директор — «Қазақтелеком» АҚ филиалы-Корпоративтік бизнес бойынша дивизионның бас директоры.
Қоса атқаратын жұмыс және басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі мүшелік
  • жоқ.

Ерекешев Болат
Ерланұлы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ бас техникалық директоры — «Желі» дивизионы» бірлестігінің — ­филиалының бас директоры

Туған күні

1962 жылғы 02 қаңтар

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына алғаш сайланған күні: 01.06.2021
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасының құрамына ағымдағы сайланған күні: 01.06.2021
Компания акцияларын, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: жоқ

Білімі: жоғары
  • 1983–1988: Ленинград электротехникалық байланыс институты, мамандығы: «Автоматты электр байланысы».
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 02.2005–06.2021: «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры — КДБ бас директоры;
  • 06.2021 — қазіргі уақытқа: «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ бас техникалық директоры — «Желі» дивизионы» бірлестігінің — филиалының бас директоры.
Қоса атқаратын жұмыс және басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі мүшелік
  • жоқ.

Погребицкий Игорь
Евгеньевич

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек сегмент бойынша бас директоры — Бөлшек бизнес бойынша дивизионының — ­филиалының бас директоры

Туған күні

1978 жылғы 19 мамыр

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына алғаш сайланған күні: 29.03.2019
Компания акцияларын, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: жоқ

Білімі: жоғары
  • 1995–2000: Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, мамандығы: «Радиотехника».
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 01.2009–01.2018: АО «Кселл» АҚ Өңірлік филиалының басшысы;
  • 01.2018 — қазіргі уақытқа: «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ бөлшек бизнес дивизионының сауда жөніндегі директоры, «Қазақтелеком» АҚ бөлшек сегмент жөніндегі басшы директоры — Бөлшек бизнес дивизионының — филиалының бас директоры, «Қазақтелеком» АҚ бөлшек сегмент жөніндегі басшы директоры — бөлшек бизнес дивизионының — филиалының бас директоры.
Қоса атқаратын жұмыс және басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі мүшелік
  • «НҰРСӘТ+» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі.

Мейірманов Нұрлан
Кемалұлы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, Инновациялар жөніндегі басшы директоры

Туған күнія

1972 жылғы 03 тамыз

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына алғаш сайланған күні: 02.05.2019
Компания акцияларын, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: жоқ

Білімі: жоғары
  • 1989–1995: Қазақ химия-технологиялық институты, мамандығы: «Химиялық өндірістің негізгі процестері және химиялық кибернетика»;
  • 2008–2011: Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет Академиясы, мамандығы: «Іскерлік әкімшілендіру докторы»;
  • 2011: Халықаралық бизнес академиясы, мамандығы: «Іскерлік әкімшілендіру докторы».
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 01.2012–05.2019: «Қазақтелеком» АҚ — Инновациялар жөніндегі басқарушы директор;
  • 05.2019 — қазіргі уақытқа: «Қазақтелеком» АҚ — Инновациялар жөніндегі басшы директоры.
Қоса атқаратын жұмыс және басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі мүшелік
  • «НҰРСӘТ+» ЖШС Байқаушы кеңесінің төрағасы.

Құдайбердиев Тимур
Тельманұлы

Басқарма мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ Бизнесті қамтамасыз ету және қолдау жөніндегі басшы директоры — ­«Телеком Комплект» дирекциясының — филиалының бас директоры

Туған күні

1981 жылғы 25 наурыз

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма құрамына алғаш сайланған күні: 01.05.2021
Компания акцияларын, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: жоқ

Білімі: жоғары
  • 1998–2002: ҚР Ішкі істер министрлігінің академиясы, мамандығы: «Заңгер».
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымы
  • 03.2011–04.2014: «Темірбанк» АҚ филиалы — филиал директорының орынбасары;
  • 01.2015–02.2016: «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, Проблемалық қарыздармен жұмыс жөніндегі бастық;
  • 02.2016–03.2017: «Qazag Financial Croup» АҚ, «Global Building Contract» ЖШС атқарушы директоры және Байқаушы кеңесінің мүшесі;
  • 04.2017 — қазіргі уақытқа: «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ филиалы «Телеком Комплект» дирекциясының бас директоры, «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры, «Қазақтелеком» АҚ Бизнесті қамтамасыз ету және қолдау жөніндегі басшы директоры — «Телеком Комплект» дирекциясының — филалының бас директоры.
Қоса атқаратын жұмыс және басқа ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі мүшелік
  • «ШЫҒЫСТЕЛЕКОМ» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі.

Басқарманың қызметі

«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы ұйымның стратегиясына, Даму жоспарына және Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдерге сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, оның күнделікті қызметіне басшылықты жүзеге асырады.

Басқарма күндізгі отырыстарды аптасына бір рет өткізеді, қажет болған жағдайда қосымша отырыстар тағайындайды.

2021 жылы «Қазақтелеком» АҚ Басқармасы 57 бетпе-бет отырыс өткізіп, онда Басқарманың 299 шешімі қабылданды. Сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешімдер болған жоқ.

Есепті кезеңде басқарма келесі негізгі мәселелер бойынша шешімдер қабылдады:

  • «Қазақтелеком» АҚ еншілес және қауымдасқан ұйымдарының 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілігі, «Талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша ҚР ауылдық елді мекендерін кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» стратегиялық жобасының бизнес-жоспары, «Қазақтелеком» АҚ Employee Experience стратегиясы, «Қазақтелеком» АҚ жұмыс регламенті, «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының қаржылық стратегиясы, «Қазақтелеком» АҚ аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясаты, «Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық саясаты қаралып, мақұлданды;
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Қазақтелеком» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың сатып алу қызметін басқару қағидалары, «Қазақтелеком» АҚ-ның 2021 жылға арналған Сатып алу бюджеті және Кассалық бюджеті, «Қазақтелеком» АҚ-да мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасы (І кезең), «Қазақтелеком» АҚ стратегиялық және бизнес-бастамаларын іске асырудың жол картасы — Жол картасының жобаларын іске асырудан болатын қаржылық нәтижелер және SERPIN бағдарламалары, «Қазақтелеком» АҚ-ның орнықты даму саласындағы бастамаларын және «Қазақтелеком» АҚ-ның мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған коммуникациялар жоспарын іске асыру бағдарламасы, «Қазақтелеком» АҚ объектілерінің қауіпсіздігін (физикалық күзет, пульттік күзет және техникалық қорғау) қамтамасыз ету стратегиясы, «Қазақтелеком» АҚ объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары, «Қазақтелеком» АҚ-ның 2030 жылға дейін төмен көміртекті дамуға көшуі және 2022-2023 жылдарға арналған ESG рейтингін алуы жөніндегі іс-шаралар жоспары, «Қазақтелеком» АҚ-ның ақшаны және қазынашылық операцияларды басқару қағидалары бекітілді, «Қазақтелеком» АҚ-да басқарудың дивизиондық құрылымына өту бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.

Басқарманың сыйақысы

Есепті кезең үшін Қоғамның басшы қызметкерлеріне сыйақы төлеу шарттары мен тәртібі Директорлар кеңесінің 2019ж.23.07 № 15, 2020ж.16.03 № 4 шешімдерімен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2017ж.08.02 № 1 шешімімен бекітілген Басшы персоналға жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу қағидаларымен (бұдан әрі — қағидалар) регламенттелген.

Қағидалардың негізгі қағидаттары:

  1. сыйақының Қоғам мен оның акционерлерінің мүдделеріне жауап беретін міндеттерді орындаумен байланысы;
  2. сыйақы мөлшерін анықтау қағидаттарының қарапайымдылығы мен ашықтығы;
  3. сыйақының Қоғам қызметінің нәтижелеріне және жұмыскердің жеке нәтижелілігіне тәуелділігі.

Басшы қызметкерлерге есепті кезеңдегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу шарттары:

  1. сыйақы төлеу үшін жоспарланған соманы ескере отырып есептелген есепті кезең үшін шоғырландырылған қорытынды пайданың болуы;
  2. Қоғамның контрагент-банктерге кредиттік тәуекелдерді басқару бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Ішкі құжатын сақтауы. Мұндай жағдайларда төлем туралы шешімді Директорлар кеңесі жеке қабылдайды.

Басшы қызметкерлердің қызметін бағалау үшін уәждемелік ҚНК қолданылады.

Басшы қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. уәждемелік ҚНК және оның нысаналы мәндерін қою;
  2. уәждемелік ҚНК-ны бекіту;
  3. нәтижелілік мониторингі;
  4. нақты нәтижелілікті есептеу және бекіту.

Есепті кезеңдегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы есепті кезеңдегі аудиттелген қаржылық есептілік негізінде қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін Қоғам бюджетінде осы мақсаттарға көзделген ақша қаражаты шегінде төленеді.

Есепті кезеңдегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақылардың шекті мөлшерлері келтірілген еңбекақы төлеу құрылымына сәйкес айқындалады.

500 434,9
мың теңге
2021 жылы Қоғам Басқармасының мүшелеріне ақшалай нысанда төленген жалақының және көтермелеудің барлық түрлерінің жиынтық мөлшері
Еңбекке ақы төлеу құрылымы, %
Еңбекке ақы төлеу құрылымы
Жылдық лауазымдық жалақы (оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына материалдық көмек)
Қысқа мерзімді сыйақы
Ұзақ мерзімді сыйақ
Атқарушы органның басшысы
30
30
40
Атқарушы органның мүшелері
40
30
30

Ұзақ мерзімді ҚНК картасын бекітуді Кадр, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің (бұдан әрі — КСӘМК) ұсынымы бойынша Қоғамның Директорлар кеңесі жыл сайын үш жылдық кезеңге жүзеге асырады.

Басшы қызметкерлерге сыйақы төлеу Ұзақ мерзімді сыйақы бағдарламасы кезеңінің қорытындылары бойынша жүзеге асырылады және келесі үш жыл ішінде жыл сайынғы негізде мынадай схема бойынша төленеді:

Сыйақы төлеу схемасы, %
Төлем кезеңі
1 жыл
2 жыл
3 жыл
Ұзақ мерзімді сыйақының шекті мөлшерінің пайызы
70
15
15

2021 жылы Қоғам Басқармасының мүшелеріне ақшалай нысанда төленген жалақының және көтермелеудің барлық түрлерінің жиынтық мөлшері 500 434,9 мың теңгені құрады. Сома 2021 жыл ішінде шығып қалған Басқарма мүшелеріне — Бас техникалық директор А.В. Лезговкоға, Корпоративтік сегмент бойынша басшы директорға — Корпоративтік бизнес жөніндегі дивизонның бас директоры Р. Е. Әбіхановқа төлемдерді қамтиды.