Қаржылық жағдайға шолу
Олардың активтердегі үлесі 25%-ды құрады. Өсім, бірінші кезекте, ақшалай қаражат көлемінің 77%-ға 167,1 млрд теңгеге дейін ұлғаюымен қамтамасыз етілді.
Төмендеу негізінен пайдалану құқығы нысанындағы активтердің 11%-ға қысқаруына байланысты болды, олар жыл соңында 70,9 млрд теңгені құрады. Айналымнан тыс активтердің 51%-ы жыл қорытындысы бойынша 3%-ға өсімді құраған негізгі құралдарға тиесілі.
Активтердегі капиталдың үлесі 52%-ды құрады, бұл Компанияның жеткілікті тұрақты қаржылық жағдайын көрсетеді.
Міндеттемелер құрылымында 68% ұзақ мерзімді міндеттемелерге және 32% қысқа мерзімді міндеттемелерге тиесілі.
Сауда кредиторлық берешектің ұлғаюына байланысты өсім-37%-ға немесе 20,2 млрд теңгеге өсті.
Төмендеу қарыздардың ұзақ мерзімді бөлігінің (11%-ға немесе 34 млрд теңгеге) және жалдау бойынша міндеттемелердің ұзақ мерзімді бөлігінің (20%-ға немесе 12,6 млрд теңгеге) қысқаруымен байланысты.
Негізгі кредиторлар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «First Heartland Jusan Bank»АҚ болып табылады. Қаржыландыру ашық кредиттік желілер шеңберінде жүзеге асырылады.